
Елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінде қала мектептерінің оқушыларына «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға азаматтық қорғау саласының маңыздылығын түсіндіру, құтқарушы мамандығын насихаттау және кәсіби бағдар беру.
Кездесу барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқушыларға құтқарушы мамандығының қыр-сыры, қызмет барысындағы жауапкершілік пен ерлік туралы кеңінен ақпарат берді.
Шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құтқарушылардан нақты жауап алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына және ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін білікті кадрлар қатарын толықтыруға ықпал етеді.