Астана қаласы ТЖД-да Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жины өтті

Астана қаласы ТЖД-да Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жины өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде нәзік жанды аруларды мерекелерімен құттықтау шарасы өтті.

Салтанатты жиын барысында азаматтық қорғау органдарының ардагерлері – Баширова Альфира, Салтанат Омарова және Асия Нурмановаға ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлерге басшы құрамның кезекті арнаулы атағы берілді және ведомстволық наградалармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Департамент бастығы Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков азаматтық қорғау органдарындағы әйелдердің маңызды рөлін атап өтіп, барша әйелдерді көктем мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, отбасы амандығы мен қызметтеріне табыс тіледі.