
Су тасқыны қаупіне әрекет етуге елордалық азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын дайындау мақсатында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу барысында жедел штаб құрылып, IKomek 109 арқылы халық пен мүдделі мемлекеттік органдарға хабарландыру жүргізілді, арық-канал жүйелерін, су өткізу құрылыстарын тазалау, қар шығару бойынша алдын алу жұмыстары басталды. Астана қаласының көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға арналған жедел әрекет ету жасағының дайындығына шолу жүргізілді. Сондай-ақ жедел өзара іс-қимыл аясында күштер мен құралдар топтамасының Ақмола облысына шығуын пысықтау және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.