
Қыс-көктем мезгілінде ғимараттардың шатырларында қар мен мұз жиналып, алып мұз сүңгілері пайда болады. Шатырлар мен карниздерден салбырап тұрған мұз «гирляндалары» адамдардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және ғимараттардың маңында аса мұқият болу қажет.
Қар мен мұздың тұрғын үйлердің, сауда орталықтарының, білім беру, денсаулық сақтау нысандарының және басқа да объектілердің шатырларынан құлауынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдардың бірінші басшыларымен, ОСИ, КСК төрағаларымен және МИО өкілдерімен профилактикалық жұмыс жүргізілуде.
Негізгі қауіпсіздік ережелері:
Осы қарапайым ережелерді сақтау өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі.