Астанадағы LRT нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік

Астанадағы LRT нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік

Бүгін «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT. I кезек» жобасын іске асыру аясында Астана қаласының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
​Іс-шара барысында LRT нысандарын пайдалануға беру кезіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
​LRT құрылыс нысандарында қауіпті техникалық құралдар, атап айтқанда, апаттар мен оқыс оқиғалардың туындау қаупін тудыратын жүк көтергіш крандар белсенді түрде пайдаланылып жатқаны атап өтілді.
​Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан аталған жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені білдірілді.