
Бүгін «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT. I кезек» жобасын іске асыру аясында Астана қаласының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында LRT нысандарын пайдалануға беру кезіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
LRT құрылыс нысандарында қауіпті техникалық құралдар, атап айтқанда, апаттар мен оқыс оқиғалардың туындау қаупін тудыратын жүк көтергіш крандар белсенді түрде пайдаланылып жатқаны атап өтілді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан аталған жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екені білдірілді.