
Астана қаласында Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудің негіздеріне арналған практикалық сабақ өткізді. Іс-шара барысында білім алушылар жарақаттар, қан кету, есінен тану және тыныс алудың тоқтауы сияқты шұғыл жағдайларда әрекет етудің негізгі алгоритмдерімен танысты. Жүрекке жанама массаж жасау және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету дағдыларын практикалық тұрғыда меңгеруге ерекше назар аударылды. Өткізілген сабақ білім алушылардың дайындық деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге дайындықты қалыптастыруға ықпал етті.