«Атамекен» ұлттық палатасында жаңа талаптар талқыланды

«Атамекен» ұлттық палатасында жаңа талаптар талқыланды

Қалалық ТЖД мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында объектілерді пайдалануға беру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы электрондық қорытындыларды алу тәртібі түсіндірілді.                                                                            «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында және қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде объектілерді пайдалануға беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы қорытынды беру бойынша жаңа мемлекеттік қызметті енгізу мәселесіне арналған дөңгелек үстелдер өтті.                                                                                    Іс-шара барысында қатысушыларға заңнамадағы өзгерістер мен қорытынды алу тәртібі түсіндірілді. Спикерлер ретінде ТЖД бастығының орынбасары Өміржан Тұқышев және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Талғат Бекмұханов сөз сөйледі.    Аталған мемлекеттік қызмет 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізілетіні және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электрондық форматта көрсетілетіні атап өтілді.