
Жедел шеберлікті арттыру мектебі аясында семинар-сабақ өткізілді. Семинар барысында 2025 жылы орын алған ірі және резонансты өрттер кезінде өртті сөндірудің алғашқы және кейінгі басшыларының жағдайды бағалау және басқарушылық шешімдер қабылдау жөніндегі іс-қимылдары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар практикалық сабақ өткізіліп, оның барысында әртүрлі типтегі көбікті оқпандарды беру бойынша іс-қимылдар пысықталды. Аталған іс-шаралар тактикалық-арнайы даярлық шеңберінде өткізіліп, гарнизонның орта және жоғары басшылық құрамының тактикалық даярлық деңгейін арттыруға бағытталған.