
«Заң мен тәртіп» айлығы аясында Астана қаласының ТЖД қызметкерлері қала мектептерінде қауіпсіздік бойынша интерактивті іс-шаралар өткізді. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау дағдыларын үйрету. «Қауіпсіз маршрут» тақырыбы аясында мамандандырылған қызмет өкілдері оқушылармен интерактивті форматта жұмыс жүргізіп, өмірлік маңызы бар өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.