
Елорда құтқарушылары қысқы кезеңде аэроқайық пен қарда жүретін көліктерді қолдана отырып, су айдындарын патрульдеуді жалғастыруда. ТЖД-ның қару-жарағында бар техника қолжетімі қиын жерлерде төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге, сондай-ақ қатқан су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Патрульдеу барысында құтқарушылар тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, мұз үстінде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын еске салады. Адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аударылады.