
Кездесуде жол көлік оқиғаларының, оның ішінде өліммен аяқталатын оқиғалардың алдын алу, мас күйінде көлік басқаруды болдырмау мәселелері қаралды. Кездесуде қызметінен бос жүргізуші-қызметкерлері құрамына профилактикалық шараларды күшейтудің маңызын атап өтілді. Жиынға Полиция Департаментінің қызметкерлері Дайырбеков Дидар және Олжабаев Жарасхан арнайы шақырылды. Кездесу барысында жолда жүру ережелерін сақтау, өрт сөндіру көліктеріне жол беру және жол көлік оқиғаларының салдары туралы айтылды.