
Астана қаласының ТЖД құтқарушылары су астындағы дағдыларын жетілдіріп, эхолотты сынақтан өткізді. Жедел-құтқару жасағының базасында өткен сүңгуірлік жаттығу барысында құтқарушылар суға сүңгу және су астында өзара әрекет ету дағдыларын пысықтады, сондай-ақ су астындағы жағдайды зерделеуге арналған «Y-150» тереңдік сканері — эхолотты сынақтан өткізді. Іс-шара су айдындарында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге бөлімшенің дайындығын арттыруға бағытталған.