
Астана қаласы ТЖ департаментінің бастамасымен 100 -ден аса құтқарушы қан тапсырды. Департамент қызметкерлері тұрақты негізде қан тапсырып қана қоймай, қан тапсыру бойынша түрлі акцияларға да қатысады. Сондай-ақ, олардың көпшілігі тұрақты донорлар екендігін атап өткен жөн. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына қан тапсырылды. Тұрақты негізде қан тапсыру – құтқарушылардың тек төтенше жағдайларда ғана емес, кез-келген уақытта көмекке келе алатындығының дәлелі.