Елордада Крещение Господне мейрамына орай суға түсу орындарын дайындау басталды

Елордада Крещение Господне мейрамына орай суға түсу орындарын дайындау басталды

Шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауында, «Столичный» саябағының жағалауында орнатылады.

Бұл орын арнайы баспалдақтармен жабдықталған және құтқару станцияларының жанында орналасқан.

«Діни рәсім кезінде ТЖД Жедел-құтқару жасағы мен Астана қаласының ПД қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, шомылу орындарында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері кезекшілік ететін болады», - деді Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалин Коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингі барысында.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті шомылу рәсіміне қатысар алдында келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

✔️суға шомылар алдында түрлі жаттығуларды жасай отырып, денені қыздыру қажет;

✔️мұз ойыққа кірерде, терең тыныс алып, деміңізді ұстаған күйде суға кіріңіз. Судан шығар жерде сізді біреу орамал және халатпен күтіп тұрғаны абзал. Ойыққа кірерде резеңке аяқ киім киюді ұмытпаңыз;

✔️ойыққа жету үшін қысқы аяқ киімді қолданған дұрыс, сондай-ақ мұзда сырғанамайтын арнайы резеңке аяқ киімді қолдануға болады. Есіңізде болсын, ойыққа баратын жол тайғақ болуы мүмкін. Ол жерден баяу және мұқият өтіңіз;

✔️суға түсетін баспалдақтың тұрақты екеніне көз жеткізіңіз;

✔️ешбір жағдайда суға баспен секірмеңіз, себебі ол температураның жоғалуын арттырады және суықтан есеңгіреп қалуыңыз мүмкін;

✔️жалпы ағзаның салқындауын болдырмау үшін ойықта 1 минуттан артық тұрмаңыз;

✔️мас күйінде шомылуға жол берілмейді;

✔️шомылғаннан кейін сүлгімен сүртіңіз, құрғақ жылы киім киіңіз және ыстық шай ішіңіз.