
ҚҚЕжМТДБ бас маманы Павел Ирков Премьер-министрдің орынбасары мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның алғыс хатымен марапатталды. Астана қаласы мемлекеттік архив басшысы Жангелді Бимолдин марапатты тапсыра отырып, Павел Николаевичтің архив ісін дамытуға және еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға сіңірген еңбегін атап өтті.