
Астана қаласы ТЖД қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы «China Railway Asia – Europe Construction Investment Co., Ltd» ЖШС (LRT) филиалының еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженерлерімен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізді.
Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, өрт туындаған жағдайда іс-қимыл тәртібі, бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері, сондай-ақ құрылыс нысандарында өрт қауіпті жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығы мен жеке жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.