Елордалық құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады

Елордалық құтқарушылар ауа райына байланысты үндеу жасады

Астана қаласының ТЖД  «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 6 қаңтарда қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, кей уақттарда 23 м/с дейін болуы мүмкін.

      Осыған орай Астана қаласы ТЖД қатты жел кезінде жарақат алмау үшін азаматтар қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- Ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және оларды қараусыз қалдырмау маңызды;

- Егер қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенде паналаңыз;

- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;

- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың астында, ағаштарда, аяқталмаған ғимараттарда жасыруға болмайды;

- қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

- жеке автокөлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Көктайғақ кезінде жарақат алмау үшін келесі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

Ең бастысы – аяқ киімнің табаны қалың, таймайтын, ал өкшесі төмен болуы қажет.

Қауіпті аймақтарды байқасаңыз, асықпай айналып өтіңіз.

Көктайғақ кезінде ауыр заттарды алып жүруден мүмкіндігінше бас тартыңыз.

          Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөміріне хабарласыңыздар!