
Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары болып азаматтық қорғау полковнигі Тұқышев Өміржан Бауыржанұлы тағайындалды.
Өміржан Тұқышев 1986 жылы 25 шілдеде Көкшетау қаласында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 2003 жылғы тамыздан бастап. 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын үздік бітірген, 2009 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген, 2021 жылы ҚР БП құқық қорғау органдарының академиясы. 2025 жылы М. Ғабдуллин атындағы ҚР ТЖМ азаматтық қорғау академиясын бітірген.
Қызметті Ақмола облысы ТЖД Бұланды ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің инженері қызметінен бастады. Әр жылдары ҚР ТЖМ орталық аппартында әртүрлі лауазымдарды атқарды. Тағайындалғанға дейін Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.