Елордалық ТЖД құтқарушылары қысқы кезеңде қоғамдық демалыс орындарында қауіпсіздік шараларын еске салады

Елордалық ТЖД құтқарушылары қысқы кезеңде қоғамдық демалыс орындарында қауіпсіздік шараларын еске салады


🛷 ⛸️Құтқарушылар ескертеді:

Сырғанау және шаңғы, коньки тебу үшін тек арнайы жабдықталған орындарды таңдаңыз;

Трамплиндерден, мұзды немесе қарсыз көлбеулерден түсуге қатаң тыйым салынады;

Тюбингте сырғанау кезінде баспен түспеңіз. Дұрысы - отырып, қолыңызды ұстап, аяқтарыңызды алға ұстау.

Үрлемелі шаналарды қарда жүретін көлікке немесе өзге де көлік құралдарына байламаңыз;

Тюбингтерді шамадан тыс жүктемеңіз;

Тюбингтерді бір-біріне байламаңыз;

Ата-аналар балаларға сырғанақтағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріп, оларды қараусыз қалдырмауы тиіс;

Тюбингті сатып алу немесе жалға алу кезінде адамның бойы мен салмағын ескеріңіз. Бойы 100 см-ге дейінгі балалар үшін тюбингтің диаметрі шамамен 85 см болуы қажет.