
Өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізуші құрамының кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында Астана қаласы Полиция департаментінің әкімшілік полиция қызметкерлерінің қатысуымен автокөлік қозғалысы тығыз және тәуліктің қараңғы уақытында жол жүрісі қағидаларын зерделеуге арналған қосымша теориялық сабақтар ұйымдастырылды.
Теориялық сабақтардың қорытындысы бойынша өрт сөндіру автокөлігін шектеулі кеңістікте басқару, сондай-ақ қала көшелеріндегі реттелетін және реттелмейтін қиылыстардан дабыл бойынша өту кезінде практикалық жүргізу элементтері пысықталды.