
Елордалық ТЖД құтқарушысы Баққуар Хамзе 2025 жылдың қорытындысы бойынша Джиу-джитсу федерациясының жоғары марапатына ие болды.
Жыл бойы жоғары спорттық нәтижелер көрсеткен елордалық құтқарушы джиу-джитсу бойынша бірқатар халықаралық турнирлерде топ жарып, чемпион атанды. Атап айтқанда, ол Continental Open Jiu-Jitsu, Karaganda Open (Winter, Koktem, Summer, Autumn) турнирлерінде жеңіске жетті. Сонымен қатар, Баққуар Хамзе Ju-Jitsu National Tour рейтингілік жарыстарының чемпионы әрі жүлдегері атанды. Францияның Париж қаласында өткен Grand Slam Paris халықаралық турниріне, сондай-ақ Хорватияның Задар қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогына қатысқан.
Баққуар Хамзе Astana Cup Grappling турнирінің күміс жүлдегері, Тайланд Корольдігінің Бангкок қаласында өткен HIF Contact Ju-Jitsu бойынша әлем чемпионатының вице-чемпионы, 2025 жылғы Қазақстан чемпионы және Джиу-джитсу бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі.
Елордалық құтқарушының спорттағы табыстары оның кәсіби қызметтегі табандылығы мен жоғары дайындығын айқын көрсетеді.