Ашық есік күні: қауіпсіздік мекеніне саяхат

Ашық есік күні: қауіпсіздік мекеніне саяхат

Астанада өрт сөндіру бөлімшелерінде балаларға арналған ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара аясында өрт сөндіру бөлімшелеріне колледж студенттері, мектеп оқушылары және балабақша тәрбиеленушілері бар, барлығы 200-ден астам  бала қонаққа келді.

 

Балалар арнайы өрт сөндіру техникасымен танысып, өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері мен құрал-жабдықтарын көрді.

 

Қызметкерлер өрт кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігін, сондай-ақ 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу тәртібін түсіндірді.

 

Қызықты саяхат барысында балалар өрт сөндіру көлігіне отырып, оқпаннан су беріп көру мүмкіндігіне ие болды.