Астанада бас шыршаның шамдарын жағу кезінде қауіпсіздік

Астанада бас шыршаның шамдарын жағу кезінде қауіпсіздік

Астанада Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бас шыршаны орнату және оған шамдар мен гирляндаларды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексерді.

Арнайы назар электр сымдарының дұрыс жалғануына, конструкциялардың тұрақтылығына және барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуына аударылды.

Ertegi Fest мерекелік жобасы аясында қалада 40 шырша орнатылған. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ТЖД жауапты тұлғалармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

ТЖМ  азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.