Профилактический рейд в период ледостава прошёл на реке Есиль

Профилактический рейд в период ледостава прошёл на реке Есиль

Елордалық құтқарушылар су айдындарында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен профилактикалық рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аэроқайық, қарда жүретін арнайы техника мен квадроциклдерді пайдалана отырып, рейдтік жұмыстарды жүзеге асырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мұз қату кезеңінде жазатайым оқиғалардың алдын алу. Рейд барысында су айдындарының маңында жүрген балықшылар мен тұрғындарға жұқа мұздың қауіптілігі түсіндіріліп, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері мен төтенше жағдай туындаған жағдайда атқарылатын іс-қимыл тәртібі жеткізілді.