
Есіл ауданы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесіне №95 мектеп-лицейінің оқушылары қонаққа келді. Болашақ құтқарушыларға заманауи өрт сөндіру техникалары мен кинологиялық есептердің жұмысы таныстырылып, бөлімшенің күнделікті қызметі көрсетілді.
Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндіруші мамандығының ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер алып, қауіпсіздік ережелерімен танысты. Іс-шара соңында мектеп оқушылары болашақта өз мамандықтарын құтқарушылар қызметімен байланыстыруға қызығушылық білдірді.