
Өрт-тактикалық оқу-жаттығу өртті сөндіру бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге, адамдарды эвакуациялау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.
Сонымен қатар жылу электр орталығы-3 нысанының басшылығы Астана қаласы ТЖД-ның өрт сөндіру бөлімшелері қызметкерлеріне өндірістік процестер мен өрт қауіпті учаскелерді зерделеу бойынша таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Мұндай оқу-жаттығуларды өткізу жеке құрамның жауынгерлік дайындығына және барлық мүдделі органдармен өзара әрекеттесу тәртібін жетілдіруге оң әсер етеді.