
Құтқарушылар алдағы күндері Астана қаласында қолайсыз ауа райы сақталатынын ескертіп, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға, дауылды ескертулерді қадағалауға және мүмкіндігінше алыс сапарларға шықпауға кеңес береді.
Ауа райының нашарлауы, сондай-ақ қала аумағындағы автожолдардың жабылуы туралы дауылды ескертулер мен хабарламаларды СМС-хабарламалар, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы бақылау ұсынылады.
Сонымен қатар, тұрғындардың назарын қыс мезгілінде әлі толық қатпаған мұзға шығудың қауіпті екеніне аударып, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Жеке тұрғын секторларында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі де еске салынады.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар! Төтенше жағдайлар кезінде 112 нөміріне хабарласыңыздар!