
Елордалық ТЖД №13 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы Баққуар Хамзе джиу-джитсудан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетіп, алтын медаль иегері атанды.
Джиу-джитсудың файтинг бөлімі бойынша 85 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен құтқарушының қарсыластары осал болған жоқ. Соған қарамастан, тартысты белдесулерде жоғары шеберлік танытып, басымдықпен жеңіске жетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Баққуар Хамзе Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына енді. Енді ол алдағы әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғайтын болады.