
Елордалық гарнизонның өртке қарсы бөлімшелерінде 2025 жылғы тактикалық-арнайы дайындықтың қорытындылары шығарылды.
Белгіленген талаптарға сәйкес жеке құрамның тактикалық, техникалық, өрттің алдын алу бойынша теориялық бөлікті меңгеру сапасы, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары тестілеу арқылы тексерілді.
Қорытынды кезеңде негізгі бөлім - өрт-құтқару дайындықтары бойынша нормативтерді тапсыру өтті.
Жеке құрамның тактикалық-арнайы дайындығы гарнизондағы негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады және ең алдымен азаматтық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, өрттерді сөндіру тәртібін, қауіпсіздік техникасы талаптарын, сондай-ақ шығу ауданының (нысандардың) ерекшеліктерін, өндірістердің өрт қауіптілігін, ғимараттар мен құрылымдардың ерекшеліктерін, өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесін, өрт техникасы мен байланыс құралдарын зерделеу арқылы қызметкерлердің білімін арттыруға бағытталған.