
Елордалық ТЖД қызметкерлері Астана қаласындағы Ұлттық ұланның №3656 әскери бөлімінде “Өрт – тілсіз жау” және “Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі” тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға әскери бөлім басшылығы мен 120 әскери қызметкер қатысты.