
Бүгін Астана қаласында ТЖД, ПД қызметкерлері мен волонтерлер ауқымды аулааралық рейд өткізді. Олар жеке үй иелерімен кездесіп, пештерді, жылыту жабдықтарын және электр құралдарын пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік қағидаларын еске салды. Тұрғындардың қалауы бойынша пештер мен мұржалар тексеріліп, анықталған кемшіліктер бойынша оларды жоюға қатысты ұсынымдар берілді.
Қазақстанның ТЖМ жылыту маусымында өрттердің алдын алу бойынша күшейтілген жұмысын жалғастыруда. Бұл кезең жылыту және жылыту құралдарының белсенді қолданылуына байланысты өрт шығу қаупінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
Жылыту кезеңінде 13 мыңнан астам үй профилактикалық аралаумен қамтылды, 8 900 жуық бұзушылықтар анықталды , олардың 670 сол жерде жойылды.
Өрттің және улы газбен уланудың алдын алу мақсатында Департамент аудандық әкімдіктермен бірлесіп жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларына (мүгедектер, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар) 331 улы газ датчигін (бұдан әрі-ХӘОТ) орнатты.
Сонымен қатар, бұрын көміртегі тотығы датчиктері орнатылған отбасыларға сыртқы тексеру және батареяларды ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Көміртегі тотығы датчиктерін орнатудан бөлек, Департамент аудандық әкімдіктермен бірлесіп, 25 отбасына пештерді жылыту маусымына дайындауға көмек көрсетіп, ХӘОТ 18 үйінде электр сымдарын ауыстыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.