Байқоңыр ауданы ТЖБ бөлімшелерінің жұмысы қорытыланды

Байқоңыр ауданы ТЖБ бөлімшелерінің жұмысы қорытыланды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Байқоңыр» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының ағымдағы жылдың 10 айында өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел-қызметтік қызметінің қорытындысы бойынша есептік кеңес өтті.

Аталған кеңесте өрт сөндіру бөлімше басшыларының атқарылған жұмыстар мен промлемалық мәселелер туралы баяндамалары тыңдалып, әлеуметтік тұрғын үй төлемдері қатысты, қызметтік-әскери тәртіпті сақтауды, сондай-ақ жеке құрамның жедел шеберлігін арттыру мәселелері қаралды.

Есептік кеңесінің қортындысы бойынша бөлімше басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.