Абайлаңыз, жұқа мұз!

Абайлаңыз, жұқа мұз!
Қыс мезгілінде су қоймаларын қаптайтын мұз адам салмағын әрдайым көтермейді. Жұқа мұз – аса қауіпті, ол кез келген сәтте опырылып кетуі мүмкін. Әсіресе көпір жанындағы аумақтар, бұлақтар шығатын тұстар, ағысы қатты бөліктер мен өзендер құятын жерлер қауіп төндіреді.
Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы қазір 2 см ғана, кей жерлерде тіпті қатпаған. Бұл Мұздың қалыңдығына көз жеткізбей оған шықпаңыз. Балаларды ешқашан бақылаусыз мұз үстіне жібермеңіз.
 
Жұқа мұзға түсіп кеткен жағдайда не істеу керек:
1. Үрейленбей, су бетінде қалуға тырысыңыз.
2. Қолдарыңызды екі жаққа созып, суға батып кетпеуді қадағалаңыз.
3. Қай бағыттан келген болсаңыз, сол жаққа бұрылыңыз — ол жерде мұз берік.
4. Шынтақ пен көкірегіңізге сүйеніп, баяу жылжып, мұз үстіне шығыңыз.
5. Тізерлемей, аяқты баспай, еңбектеп қауіпсіз жерге дейін өрмелеңіз.
6. Жылы жерге барып, киіміңізді ауыстырып, денеңізді қыздырыңыз.
 
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласыңыз.