
Елордалық ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Майбалық көлін және 5,4 км ұзындығындағы төгінді каналын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Аралау барысында 2026 жылғы су тасқынына дайындық мәселелері талқыланып, су деңгейін бақылау, су ағымын реттеу, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қарастырылды.
Сонымен қатар, мамандар қаладағы қорғаушы бөгетінің №2 бақылау-реттеу су шығару құрылымын тексеріп, оның техникалық жағдайын зерделеді. Су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қажетті профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыруға қатысты ұсыныстар пысықталды.