Елордалық құтқарушы Хамзе Баққуар әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Елордалық құтқарушы Хамзе Баққуар әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Астана қаласы ТЖД №13 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы Хамзе Баққуар Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Бұл беделді жарысқа әлемнің 50 мемлекетінен мыңдаған мықты спортшылар қатысып, бірнеше салмақ дәрежелері бойынша өзара бақ сынады. Хамзе Баққуар 85 кг салмақ дәрежесінде күресіп, екінші орынды иеленді.

Хамзе Баққуар - он жылдан астам уақыттан бері құтқару қызметінде еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман. Қауіпті әрі жауапты қызметін абыроймен атқара жүріп, ол спорттан да қол үзбей, джиу-джитсуды кәсіби деңгейде меңгеріп, көптеген марапаттарға қол жеткізген.