
7 қараша күні Астанада қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау мақсатында «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою жөніндегі біріккен жасақтың дайындығы тексерілді. Волонтерлік ұйымдардың қатысуымен жылыну, алғашқы көмек көрсету және тамақтану пункттері бар өмір сүруді қамтамасыз ету лагері ұйымдастырылды.
Сондай-ақ №29 орта мектеп базасында зардап шеккен халықты қабылдау пункті ашылды.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың жедел топтары, Ұлттық ұлан мен полиция бөлімшелері, коммуналдық қызметтер және волонтерлік ұйымдар қатысты.
Барлығы оқу-жаттығуға 46 техника және 135 адам жұмылдырылды.
Мұндай оқу-жаттығулар халықтың дайындық деңгейін арттыруға және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіруге мүмкіндік береді.