Елордалық ТЖД қызметкерлері «Мозаика» түзету мектебінде іс-шара өткізді

Елордалық ТЖД қызметкерлері «Мозаика» түзету мектебінде іс-шара өткізді

Кездесу барысында орталық ұжымымен және балалармен үгіт-насихаттық және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Қатысушыларға өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі, өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану, электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқыту жүргізді. Балалармен ерте жастан бастап жүргізілетін профилактика — қауіпсіз болашақтың кепілі!