Астана қаласының ТЖ Департаментінде жарылыс қаупі бар заттарды - алюминий ұнтағын сақтау және пайдалану кезінде Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша техникалық кеңес өткізілді. Іс-шараға әкімдіктің кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, өрт бақылау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары, сондай-ақ алюминий ұнтағын пайдаланатын кәсіпорындар қатысты. Жарылыс қаупі бар заттармен қауіпсіз жұмыс істеу, төтенше жағдайлардың алдын алу, сақтау қоймаларын бақылауды күшейту және қызметкерлерді уақтылы оқыту мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға өндірістік бақылауды күшейту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар қосымша кезектен тыс іс-шараларды іске асыру және өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ұсынылды.