Елордалық құтқарушылар ер адамның өмірін құтқарып қалды

Елордалық құтқарушылар ер адамның өмірін құтқарып қалды

Бүгін ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары «Сарыарқа» көпірінен секіріп кеткен адам туралы хабар бойынша шықты.

 Оқиға орнына жедел келген құтқарушылар судан 2005 жылы туған ер азаматты алып шықты. Ер адам жақын маңда орналасқан жедел құтқару жасағының базасына жеткізіліп, оған жедел құтқару жасағының дәрігері мен психологы алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Құтқарушылар Нұрлан Бекенов, Рахат Кендібаев және Мейіржан Есенбековтың кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адамның өмірі құтқарылды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.