
Елордадағы «Камаз–Инжиниринг» АҚ филиалы аумағында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушілерімен тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Ұйымдастырылған сабақтың мақсаты – жаңа келіп түскен АНР–150/2000 техникасының тактикалық-техникалық сипаттамаларын және оны пайдалану ережелерін меңгеру болды.
Іс-шара барысында «Камаз–Инжиниринг» компаниясының өкілдерімен бірлесе отырып, жеткізілетін техниканы пайдалану кезінде туындайтын өзекті және проблемалық мәселелер талқыланды.