
Бүгін елордалық құтқарушылар 14-ші қабаттың парапетінде бойжеткен тұрған Байқоңыр ауданына Ш.Иманбаева көшесіне шақыртуға шықты. Астана қ. ТЖД жедел-құтқару жасағында 2024 жылдан бастап қызметін атқарып келе жатқан Саят Пишембаев бойжеткенді қорқытпау үшін сақ болып, ол сендіруге алаңдап қалғанда киімінен ұстап, сүйреп апарып, қауіпсіз жерге жеткізді.
«Мен өз ісімді қаһармандыққа жатқызбаймын, мен тек қызметтік міндетімді атқардым.», — деп атап өтті батыл маман.
Осы ретте бүкіл топтың үйлесімді жұмысын атап өту қажет: Байбұлан Секербаев пен Азамат Жұмабаев сақтандыруды қамтамасыз етті, ал Азамат Бердіқұлов қатысушылардың іс-қимылдарын сауатты үйлестірді. Олардың әрекеттері ТЖМ қызметкерлерінің әрқашан көмекке келуге жоғары дайындығын тағы да көрсетті.