Радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау саласындағы кәсіби дайындықты жетілдіру

Радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау саласындағы кәсіби дайындықты жетілдіру

Елордалық ТЖД қызметкерлері мен Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Қалқан-2025» республикалық оқу-жаттығуларына қатысу барысында заманауи техника, аспаптар, дозиметрлер және азаматтық қорғаныс мүлкін пайдалану бойынша бірлескен сабақтар өткізді.

Оқыту кезінде ДЧС қызметкерлеріне радиация деңгейін өлшеу құрылғыларының, сондай-ақ химиялық және биологиялық заттарды анықтау құралдарының қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.

Іс-шара бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау саласындағы кәсіби даярлықты жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.