Бүгінгі қоғамның қаһарманы – Ануар Касенов

Бүгінгі қоғамның қаһарманы – Ануар Касенов

Халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген бүгінгі қоғамның қаһарманы – Ануар Касенов туралы сөз етпекпіз. Ануар – елордалық ТЖД №10 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Ол 1996 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 2018 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Төтенше жағдайлар қызметіне Ануар кездейсоқ келген жоқ — ол Ақмола облысында өрт сөндіру бөлімінде қызмет еткен әкесінің жолын жалғаған. Қызмет барысында ол көптеген күрделі өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысқан. Ануардың арқасында бірнеше адамның өмірі аман қалды, талай отбасылар мүліктерін сақтап қалды. Ануар жұмыстан тыс уақытта ол қаладағы №13 орта мектепте ұстаздық етеді. Мектеп қабырғасында өрт қауіпсіздігі бойынша сабақ жүргізеді, «Жас арлан» жауынгерлік ұйымының жетекшісі болып табылады. Оның бастамасымен мектепте құрметті қарауыл сапы құрылып, жас ұрпаққа тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісі көрсетілуде.