Елордада үздік газ-түтіннен қорғау буыны анықталды

Елордада үздік газ-түтіннен қорғау буыны анықталды

ҚР ТЖМ 30 жылдығына орай Астана қаласында «Үздік газ-түтіннен қорғау буыны» атағын анықтауға арналған гарнизондық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыру, тыныс алу органдарын жеке қорғану құралдарымен (ТЖҚҚ) жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және тыныс алуға жарамсыз ортада іс-қимыл жасау машығын дамыту. Жарыс барысында өрт сөндірушілер әртүрлі механикаландырылған құралдармен және импульстік өрт сөндіру жүйелерімен жұмыс істеу шеберлігін, газ-түтіннен қорғау буынының қауіпсіздік бекетіндегі іс-әрекеттерін, сондай-ақ жылдамдық пен күш дайындығын көрсетті.

️Байқауға ГТҚҚ-ның 15 буыны қатысып, қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:  1 орын – №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі;  2 орын – №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі; 3 орын – №10 өрт сөндіру бөлімі. Ал «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік қызметші» арнайы номинациясында №5 МӨСБ қызметкері Сабыржан Секербеков жеңімпаз атанды.