Елордалық құтқарушылар экологиялық шара өткізді

Елордалық құтқарушылар экологиялық шара өткізді

Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясы аясында елордалық құтқарушылар табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында сенбілік ұйымдастырды.  

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау шеңберінде №25 өрт сөндіру бөлімінің аумағында жеке құрам өз қолдарымен жеміс ағаштарын, теректер мен мамыр гүлдерін отырғызып, аумақты көгалдандырды.

 Бұл шара – құтқарушылардың қауырт қызметінен тыс табиғатты қорғауға және қоғамда экологиялық сана қалыптастыруға қосқан үлесі.