Астанада қоғамдық тамақтану нысандарында өрттің алдын алу шаралары талқыланды.
Астана кәсіпкерлер палатасында қала ТЖ департаменті өкілдерінің қатысуымен бірлескен брифинг өтті. Шара барысында қоғамдық тамақтану орындарындағы өрт және санитарлық қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аударылды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы жылы елордада 52 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 70%-ында өрттің шығу себебі ас үйдегі түтін шығаратын жүйелерді май қалдықтары мен өндірістік қалдықтардан дер кезінде тазаламау болған.