Астанада Департамент бөлімшелерінің жеке құрамы қысқы нысанды киімге көшуіне байланысты саптық байқау өтті.
Байқау барысында басшылық пен жауапты тұлғалар жеке құрамның саптық даярлық деңгейін, бөлімшелердің үйлесімділігін, сыртқы келбеті мен нысанды киім үлгісінің сақталуын тексерді. Сонымен бірге қызметтік куәліктер мен жеке нөмірлері бар жетондардың болуы да қадағаланды.
Мұндай саптық байқаулар құтқарушылардың патриоттық рухын көтеріп, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-тарихи дәстүрлеріне құрметті нығайтады. Сондай-ақ қызметкерлердің ерік-жігерін шыңдап, дене бітімін жетілдіруге, жауапкершілік пен ұжымшылдық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.