Қазақстандық Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Астана қаласы ТЖД-да гарнизон офицерлері арасында мини-футболдан турнир өтті.
Жарысқа 8 команда қатысты. Қызу бәсекенің нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1 орын – «Нұра» ауданының ТЖ басқармасы;
2 орын – «Байқоңыр» ауданының ТЖ басқармасы;
3 орын – Департамент аппараты.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.