Мұнаралы кранды іске қосу алдында кешенді техникалық тексеріс жүргізілді

Мұнаралы кранды іске қосу алдында кешенді техникалық тексеріс жүргізілді

Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары «Ұя Тарих» және «Босаға» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнаралы кранды іске қосу рәсіміне қатысты.

Іс-шара барысында жүк көтергіш техниканың техникалық жай-күйі мен қауіпсіз пайдалануға дайындығы жан-жақты қаралды. Сонымен қатар кранды пайдалануға рұқсат беретін құжаттар, оның жарамдылығын растайтын техникалық актілер тексеріліп, қызмет көрсетуші мамандардың кәсіби даярлық деңгейі бағаланды.

Аталған бақылау шаралары өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құрылыс алаңдарында жазатайым жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.